Алматыда түнде тағы да жер сілкінді

Алматыда түнде тағы да жер сілкінді. Бұл туралы ТЖМ өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер асты дүмпуі 28 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 01:31-де тіркелді.

«Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 318 шақырым жерде орналасқан. Алматыда 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 25 қарашада түнде Жетісу облысында жер сілкінді.

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

Жер сілкінісі кезінде істеу қажет 10 қарапайым қадам бар:

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінуі кезінде лифт және баспалдақ қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
  • Жасырынатын жер табыңыз, жоғары қабаттарда іргедегі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • Кетер алдында мүмкіндігіңіз болса, суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Дабыл сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілеріне, ғимарат, ағаштарға жақындамаңыз;
  • Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  • Қарттарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Бұған дейін Алматыда ірі жер сілкінісі қашан болды?

Алматы тұрғындары 2024 жылы 23 қаңтарда жер сілкінісін сезді. Түн ішінде болған дүмпу халықтың үрейін ұшырып, біраз уақытқа дейін қорқыныш қалып қойды.

Көктем басталысымен, 2024 жылы 4 наурызда қалада тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл да қала тұрғындары мен қонақтарын үрейлендірді.

Еске салайық, бұған дейін белгілі профессор Әлқуат Нұрмағамбетовпен сұхбаттасып, Алматыдағы жер сілкіністерінің ғылыми негізі туралы сұраған едік. 

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.