Алматыда террористік қауіптің «қызыл» деңгейі сақталады

Алматыда террористік қауіптің «қызыл» деңгейі сақталады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб өкілі мәлімдеді.

Штаб мәліметінше, қалада терроризмге қарсы операция режимі сақталады.

«Терроризмге қарсы іс-шаралар бойынша Полиция департаменті, Ұлттық ұлан және Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілері қаланы тәулік бойы күзетеді. Блокбекеттер жұмысын жалғастырып жатыр», — деді штаб өкілі.

Сондай-ақ, жедел штаб террористік қауіптің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына бірқатар әрекетке рұқсат етілетінін еске салды. Оның ішінде жеке тексеріс және азаматтардың заттарын, көліктерін қарау, олардың қозғалысын уақытша шектеу қарастырылады, шерулер мен митингілер өткізуге тыйым салынады.

«Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, заң талаптарын сақтауды сұраймыз. Терроризмге қарсы операцияның аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарлаймыз», — деп толықтырды терроризммен күрес агенттік өкілі.

Алматыда терроризмге қарсы операция режимі төтенше жағдай режимі тоқтатылған жағдайда да сақталатыны айтылды.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...