Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «ЭкоРейнджерлер» қозғалысы құрылды

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында, «ЭкоРейнджерлер» жасағы құрылып, оған қаламыздың 1000-нан астам жастары қосылды.  Жастардың бастамасын елімізге танымал блогерлер мен қоғамдық пікір көшбасшылары қолдап, амбассадор болуға ниет білдірген. Бұл бастама жастардың экологиялық өмірге белсенді қатысып, қаламыздың тазалығына үлес қосуға бағытталған.

«ЭкоРейнджерлер» тобы экологиялық акцияларда, сенбіліктерде және ағаш отырғызу шараларында белсенді қатысуды жоспарлап отыр. Олардың басты мақсаты — Алматының табиғатын қорғау және қоршаған ортаға қамқорлық көрсету.

Сонымен қатар, «ЭкоРейнджерлер» жастарға экология жөнінде білім беру, табиғатты қорғау, жастар арасында эко мәдениетті дамытуға бағытталған семинарлар мен тренингтер өткізуге ниетті.

«Біз Алматының экологиясын жақсартуға өз үлесімізді қосу үшін осы топты құрдық. Таза қала — баршаға ортақ міндет, сондықтан жастардың белсенділігі аса маңызды. Біз экология мәселелеріне назар аударып, және қала жастарын бізге қосылуға шақырамыз», — жас экорейнджер

Осылайша «ЭкоРейнджерлер» Алматының тазалығына бей-жәй қарамайтын жандарды өздерінің қатарына қосылуға шақыруда. Олар өздерінің белсенділігімен экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосып, қоғамға үлгі болуға ниетті.

Айта кетейік, Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында 18-24 қазан аралығында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қаланы көріктендіру мен көгалдандыруға бағытталған «Жарқын күз» акциясы өтіп жатыр.

«Экорейнджерлер» қатарына қосылу үшін: +7 775 462 31 40#ТазаҚазақстан#Алматынашобщийдом#жарқынкүз

Сыбайлас жемқорлық қоғам дамуына кедергі

Сыбайлас жемқорлық- кез келген мемлекеттің дамуына кері әсер ететін...

Гендерлік әділеттілік: қазіргі қоғамдық өзекті мәселелер

Қазіргі қоғамда гендерлік әділеттілік мәселесі әлемдік маңызды тақырыптардың біріне...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Жемқорлықсыз қоғам мемлекеттің жарқын болашағы

​Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің ішкі тұрақтылығына, экономикалық дамуына және...

Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейін көтеру

     Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, мемлекеттік тіл – қазақ...

Күш азайып, Алматы жақындай түсті: Меңдібай аға жолдың ең қиын шақырымдары туралы айтты

«Құрылтайға жол» хикаясының жаңа шығарылымы сапар барысындағы ең шынайы...