Алматыда тағы үш метро станциясы салынады

Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады. Бұл туралы шаһар басшысы Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылау барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жобаны талқылауға қаланың қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен сарапшылар қауымдастығы өкілдері қатысты.

«Біз агломерациядан келіп, негізгі қақпалардан кіретін трафикті жеңілдетуге бағытталған 4 көлік-ауысып отыру хабын ұйымдастырамыз. Батыс бағытта 3 жаңа метро станциясы салынады. Алматы метросын одан әрі дамыту аясында солтүстік бағытта Алматы-1 теміржол вокзалына дейін метроны дамыту бойынша ұсыныстар дайындалады»,- деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, ол биыл қазан айына дейін Төле би көшесінде LRT – жеңіл рельсті көлік құралын дамыту жөнінде шешім қабылданғанын жеткізді.

«Сондай-ақ велокөлікті белсенді қолдауға ниеттіміз, сондықтан жыл сайынғы қаржыландыру негізінде келесі жылдан бастап веложолдардың ұзындығын 2025 жылы 60 км-ге дейін және жыл сайынғы қаржыландырумен 2030 жылы 125 км-ге дейін, яғни 2 есе ұлғайтамыз»,- деді әкім.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....