Алматыда тұңғыш рет көне Қазақ мемлекетінің Карта галереясы ашылды

Конституция күні қарсаңында ІІМ Алматы академиясында айтулы оқиға болды. Академияда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры, 15 жылдан астам уақытын дүние жүзінен Қазақ мемлекетін көрсететін көне карталарды іздеуге арнаған Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың қатысуымен Қазақстанда тұңғыш рет Қазақ мемлекеті көрсетілген Карта галереясының ашылуы болды.

Көп жылғы ғылыми ізденістердің нәтижесінде XV ғасырдан бері мемлекеттігімізді растайтын 300 тарихи карта ғылыми айналымға енгізілді және «Қазақстанның тарих толқынындағы үздіксіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталардағы Қазақ мемлекеті. Атлас» атты кітап 2021 жылдың соңында Брюссельде қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жарық көрді. Онда 130 сирек кездесетін ортағасырлық карталардың (1562-1879 жж.) хронологиялық тәртіппен сипатталған, сараланған, жүйеленген, аударылған, толық деректері мен ғылыми-техникалық параметрлері берілген. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жоғары бағалаған авторлық сипаттамалар мен коментариилер де бар.


Аталған еңбектің Тәуелсіздік жағдайында қоғам руханиятын жаңғыртудың, оның ұлттық санасы мен ұлттық мақтанышының, тарихи жадының өсуінің, Отанның объективті және шынайы тарихын қалпына келтірудің белсенді үдерісі жүріп жатқан кезде Жаңа Қазақстан құру үшін маңызы зор.


Академия қонағы № 2 факультет тыңдаушыларына лекция оқу барысында Қазақ мемлекетінің тарихи тәжірибесіне талдау жасай отырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қазіргі геосаяси процестерге ғылыми тұрғыдан баға беру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...