Алматыда ұрланған қару-жарақ табылды

Алматы маңында оқ-дәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Дархан» ықшамауданының тұрғыны қару-жарақты байқап, бірден дабыл қаққан. Оның айтуынша, туннельден оқ-дәрі салынған пакет тауып алған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеру нәтижесінде гранаталар, 5,45 миллиметр калибрлі оқ-дәрі, 9 миллиметр калибрлі оқ-дәрі, 2,3 калибрлі оқ-дәрі, револьвер, «Молотов коктейлін» тәркіледі.

«Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайы жедел іс-шаралар барысында анықталады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Абырой болғанда, өмірге қауіп төндіретін заттар салынған пакетті балалар тауып алмады», — деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың...