Алматыда Республика күніне орай көркемсурет көрмесі ашылады

27 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде қазақстандық суретшілердің «Ұлы тауларының шындары» атты көрмесі ашылды.

Арнайы көрмеге қатысу үшін Алматы, Астана, Семей, Қарағанды, Шымкент, Қызылорда, Павлодар, Талдықорған қалаларынан 35 суретші жиналды. Қылқалам шеберлері қазанның 16-сы мен 21-і аралығында «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында ұйымдастырылған пленэр аясында нәтижелі жұмыс жасап, жүзден астам қайталанбас туындыларды паш етті.

«Шымбұлақта пленэр өткізу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды. Қатысу суретшілерге мүлдем тегін болды. Біз барлық ұйымдастыру шығындарын және оларға қажетті материалдар мен бояуларды қамтамасыз еттік. Сондай-ақ, шығармашылыққа толық еркіндік беріп, суретшілерді пән таңдауда бір шеңберге мәжбүрлемедік», – дейді ұйымдастырушылардың бірі «Social Development Center» қоғамдық қорының директоры Біржан Қазтұрғанов.

Көрме аясында өнер сүйер қауымның назарына 100-ге жуық бірегей авторлық жұмыстар ұсынылып отыр. Олар әсемдігі жағынан көркем пейзаждар, керемет таулар, қар шыңдары, күннің батуы мен таңы. Тіпті кенептерде бейнеленген тұспалдар мен парадокстар олардың сұлулығымен, қиялының ауқымымен және авторларының ішкі әлемінің тереңдігімен таң қалдырады десек те артық болмас.

Бұл көрменің бір ерекшелігі – инклюзивтілікті қамтамасыз ету. Жобаға ерекше қажеттіліктері бар суретшілер белсенді қатысып отыр. Олардың арасында танымал жас суретші Жанар Абжанова өзінің үш туындысын көрмеге қатыстыруда.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың тұрақты болуы керек екендігін айтуда.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...