Алматыда ресейліктерге қызмет көрсететін ХҚКО-да ұзын сонар кезек пайда болды

Алматыда шетелдік азаматтарға ЖСН беру үшін ашылған арнайы ХҚКО-да ұзын сонар кезек пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде ХҚКО-лардың біріне ЖСН алуға келген Ресей азаматтары жиналған ұзын сонар кезек видеосы пайда болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Алматы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәліметінше, кезек шынымен бар, бірақ бұл мәселе шешіліп жатыр және Ресей Федерациясы азаматтары 2-3 минут ішінде қызмет алып жатыр. Бұл ретте ресейліктер кезегі Жетісу ауданы, Құлагер шағынауданы, Қазыбаев көшесі, 286в мекенжайы бойынша Құлагер шағынауданындағы ФОК (спорттық-сауықтыру кешені) ғимаратында арнайы ұйымдастырылған бір ғана ХҚКО-да байқалады.

«Олар ешкімге кедергі жасамайды. Бұл жұмысы күшейтілген халыққа қызмет көрсету орталығы. Онда алдымен 20 жұмыс орны бөлінген, қазір 40 қызметкер қызмет көрсетіп жатыр. Ресейліктерге көші-қон қызметінің қызметкерлері де кеңес беріп жатыр», — деді баспасөз қызметі өкілдері.

ХҚКО-да бір күнде шетелдіктердің 3-3,5 мың өтінімі қаралады. Бұл әдеттегі жүктемеден 50 пайызға артық. Қызметкерлер 09:00-ден 20:00-ге дейін, талон алған соңғы клиентке дейін жұмыс істейді. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін ХҚКО-ға ауызсу әкелінеді және шетелдік азаматтардың түнде қалатын жері болмаған жағдайда орындар беріледі.

Сондай-ақ, ЖСН алу үшін шетел азаматтары «Банк ЦентрКредит» филиалдарына келесі мекенжайлар бойынша жүгіне алады:

  • Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 140;
  • Әуезов ауданы, Ақсай-2 шағынауданы, 9а үй;
  • Алмалы ауданы, Назарбаев даңғылы, 65;
  • Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 1;
  • Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 143а;
  • Алмалы ауданы, Бөгенбай батыр көшесі, 156;
  • Бостандық ауданы, Жандосов көшесі, 1.

Сондай-ақ, Ресей азаматтарының ЖСН-ді онлайн режимінде арнайы бот, банктік қосымша немесе SMS хабарлама арқылы алу мүмкіндігі бар.

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...