Алматыда оқ-дәрі жасырылған екі қойма табылды

Алматыда оқ-дәрі жасырылған екі орын табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, Алматының Медеу ауданындағы Нүсіпбеков көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан Калашников автоматының 5,45 калибрлі 20 оқ-дәрісі табылған. Екінші жер Алатау ауданынан табылған: құлаған ағаштың тамырына «Макаров» тапаншасының 40 оқ-дәрісі салынған полиэтилен пакеті жасырылған.

«Табылған оқ-дәрілер биыл қаңтардың басында Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық жолмен алынған болуы мүмкін. Екі дерек те ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша аумақтық Полиция басқармаларында соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Табылған оқ-дәрілер тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Оқ-дәрілерді жасырған адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жаты», — деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...