Алматыда нан сатып алуға шектеу қойылды

Алматыда нан сатып алуға шектеу қойылды. Енді бір адамға бес наннан артық берілмейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, нан сатуға шектеу «Ақсай» ХБК» компаниясының фирмалық дүкендерінде белгіленген. Мұндай тәжірибе бұған дейін де қолданылған, қала тұрғындарына алаңдайтын ештеңе жоқ екені айтылы.

«Мұндай шектеулер жиі болып тұрады, бұл әдеттегі тәжірибе. Бұл шаралар төмендетілген бөлшек бағадағы нан тапшылығын болдырмау үшін қабылданады. Біз азық-түлік бағасын белгілеп отырамыз. Алайда кейін нанды қымбатырақ бағамен қайта сату үшін таңертең барлығын алып кететін жағдайлар кездеседі. Содан соң тұрғындар қалада нан тапшы, бәрі қымбат деген пікірде болады. Алайда бұл олай емес, сондықтан осындай шектеулер енгіземіз», — деді басқарма өкілі.

Шектеулер нан зауыт бағасымен сатылатын тек фирмалық дүкендерге қатысты. Қаланың басқа дүкендерінде мұндай шектеу жоқ.

«Жалпы, «Ақсай «ХБК» әлеуметтік нан өндірісі бұрынғы деңгейде қалады. Қала дүкендеріне өнім жеткізу көлемі азайған жоқ. Әкімдік пен «Ақсай» ХБК арасында жасалған шарт аясында зауыттың бір бөлке үшін бағасы — 75 теңге», — деп толықтырды ведомстводағылар.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...