Алматыда әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сотталды

Қаржы мониторингі агенттігі психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің бас есепшісі мен қызметкеріне қатысты тергеуді аяқтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«QAMQOR жедел алдын алу шарасы аясында Алматы қаласы білім басқармасының «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды», — делінген хабарламада.

Тергеу мекеме қызметкерлеріне психоневрологиялық аурулары бар адамдарды ұстауға және оңалтуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағып отыр. Ұрланған қаражат толық көлемде өтелді. Сот оларды екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеу түрінде жазаға тартты.

2021 жылы Алматыда QAMQOR жедел алдын алу шарасы аясында бес қылмыс тіркеліп, барлық іс өндіріспен аяқталды. Жалпы белгіленген шығын 32 миллион теңгеден асты.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...