Алматыда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Алматыда мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру науқаны басталды. Қарулы Күштер қатарын 45 бозбала толықтырады. Олар Қонаев қаласындағы әуе шабуылдау бригадасының құрамында Отан алдындағы борышын өтейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Қорғаныс істері жөніндегі департамент мәліметінше, биыл Алматыдан 3 мыңға тарта жігітті әскерге шақыру жоспарланған. Жартысына жуығы көктемде әскерге аттанып кеткен. Ал осы жолы тағы мың жарым азамат шақыру қағазын алады.

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында өткен салтанатты жиында бұрын әскерге алынған сарбаздар, жауынгерлік ұрыс тәсілдерін көрсетті.

«Қазір біз 250-дей адаммен шекара әскерін жаптық. Қазір біз Қарулы Күштеріне жіберіп жатырмыз. Осыдан кейін Ұлттық Ұланға жібереміз. Сонымен біз желтоқсанның аяғына таман күзгі әскери науқанды толығымен жабамыз.

Бізде шақыртуға байланысты ешқандай проблема жоқ. Өз бетімен кетіп бара жатқандар қаншама, қанша адам шығарып салуға келген. Жастарымыздың патриоттық рухын көтеріп, Қарулы Күштердің имиджін көтеру үшін осындай шараларды өткіземіз», — дейді Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Фархат Құрманғажинов.

ОПМ «Безопасный дом»

Согласно статьям 44, 63-64 УК РК лица, находящиеся на...

АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТТАРЫ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Биыл Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына...

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...