Алматыда әйел басқарған ұрылар тобы қолға түсті

Алматыда полицейлер 45 жастағы әйел басқарған пәтер ұрылары тобын құрықтады. Оның екі көмекшісі болған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта үштік Алматы аумағында жасалған бес ұрлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген. Полицейлер күдіктілерді әшкерелеу үшін арнайы операция жүргізген. Бұл топ кезекті ұрлық әрекетін жасаған соң бірден ұсталды.

Ұрылар мінген Nexia көлігі жеке секторда ұсталған. Құрықтау кезінде күдіктілерден айғақ заттар: гитара, нарды, бірнеше ұялы телефон мен бағалы заттар табылған. Сонымен қатар, жасанды шаш, әмиян мен кілттер тәркіленген.

Күдіктілер стандартты түрде әрекет еткен: тұрғын үйге кірер алдында үй иелері бар-жоғын тексеріп, содан кейін ғана құлыпты ашқан. Олар құнды заттардың бәрін: ақша, шағын құрал-жабдықтар, түрлі зергерлік бұйымдарды алған. Үшінші адам көлікте күткен.

Ұсталған екі азамат — 1977 жылы туған азамат Х. және 1978 жылы туған азамат К. осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған. Үшінші адам (1987 жылы туған) бұрын сотталмаған.

Қазіргі уақытта пәтер ұрлығына қатысушылар Алматы қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...