Алматыда есірткі жылыжайын жасап алған 74 жастағы зейнеткер ұсталды

Алматыда үйлердің бірінен есірткі жылыжайы анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жылыжайға қаладағы Медеу ауданының 74 жастағы тұрғыны иелік еткен.

«Тексеру барысында есірткіні жылыжайда өсіру дерегі анықталды. Қарасораға ұқсайтын өсімдік егілген құмыралар табылды. Сот-химиялық сараптамасы тағайындалды», — деді Медеу аудандық ПБ бастығы Дәурен Өтебаев.

Зейнеткер есірткіге осыдан он бес жыл бұрын әуестенгенін, сондықтан оны өзі өсіруге бел буғанын айтқан. Құрамында өсіруге тыйым салынған есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша соталды тергеу амалдары басталған.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...