Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсуде

Алматыда коронавирус жұқтырғандарды тіркеу жоғары деңгейде қалуда. Себебі, бір тәулікте 964 расталған жағдай тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 2021 жылдың басында вакциналанған адамдардың 4,8% — ында иммунитеті әлсіреген, бұл «омикрон» штаммының иммундық кедергіні еңсеру ерекшелігіне қатысты болды. Сондай-ақ, бұрын ауырып сауыққан адамдардың да иммунитеті төмендеді. Мысалы, 2021 жылдың басынан бері 2,1% (3492 адам) қайта жұқтырды.

Алматыда «омикрон» жұқтыратын халықтың ең белсенді тобы – 20-39 жас аралығындағы жастар, олардың көпшілігі вакцинациядан жалтарғандықтан КВИ – мен ауыратындардың жалпы санының 32% құрайды.

Эпидемиологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша, өткен аптада алматылықтардың 94% –ның жұқтырған негізгі жұқтыру орындары сауда объектілері – 34%, қоғамдық көлік – 24%, отбасылар – 21%, базарлар – 9%, туыстық және достық байланыстар-6% болып отыр.

Айта кету керек, Алматыда үй карантинін бұзушылар саны да өсті. Ағымдағы жылдың басынан бастап 7 ақпанға дейін ұйымдар мен объектілерге барғысы келетін «қызыл» статусы бар 171 адам анықталды, ал 2021 жылдың желтоқсан айында небәрі 55 бұзушы болған, бұл ағымдағы жылдың басында үй карантинінің бұзылуы 3 еседен астам өскенін білдіреді. «Қызыл» статусы анықталған барлық 171 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 7 млн.теңгеден астам сомаға 30 АЕК көлемінде айыппұл төледі.

Осыған байланысты Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті алматылықтарды эпидемияға қарсы шараларды мүлтіксіз сақтауға шақырды.

«Маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, қол гигиенасын сақтау, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға бармауға тырысу. Сондай-ақ, амбулаторлық емделудегі азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз.

Алматылықтарға COVID-19-ға қарсы вакцинациядан және вакцинациядан кейін 6 ай өткен соң ревакцинациядан белсенді өту қажеттігі туралы еске саламыз, өйткені, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы ғана шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастауға және үйреншікті өмір салтына оралуға мүмкіндік береді», — деп ескертті қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде.

Қазақстанда құны 800 миллиард теңгеден асатын 45 кәріздік тазарту құрылысы жаңартылады

Осыдан ондаған жыл бұрын пайдалануға берілген кәріздік тазарту нысандары...

 Жемқорлықты болдырмау — міндетіміз

       Жемқорлық - қоғамның дамуына кедергі келтіретін, заң үстемдігі мен әділдікқағидаттарына нұқсан келтіретін аса қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол азаматтардың мемлекеттікоргандарға деген сенімін төмендетіп, қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарыныңәлсіреуіне әкеледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.        Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының...

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау сапасы жетілдіріліп келеді»

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы бақылау және құқықтарды қорғау жұмыстарының...

Меритократия іс жүзінде: Айдардың мемлекеттік қызметтегі үлгілі жолы

Мемлекеттік қызметтегі меритократия – бұл әрбір қызметкердің тек өзінің...

Қазақстанда қайтадан +44 ыстық: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Елдің басым бөлігінде күн күрт ысиды. Оңтүстікте ауа температурасы...