Алматыда өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT, креативті индустрияны дамыту қажет — Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қала жұртшылығымен кездесуде Алматыда барлық инвестицияның 70 пайызға жуығы тек үш салаға — жылжымайтын мүлік, көлік және сауда саласына тиесілі екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, оң динамикаға өңдеу өнеркәсібі (өсім 13,9 пайыз) мен инвестициялық белсенділік негізгі үлес қосып жатыр. Жыл басынан бері қала экономикасына 930 миллиард жеке инвестиция тартылған (өсім 20 пайызға дерлік). Кәсіпкерлік біртіндеп дамып келеді. Жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 30 пайызға артқан. Қала тұрғындарының басым бөлігі осы салада жұмыспен қамтылған.

«Ал, бүгінде Алматыда барлық инвестицияның 70 пайызға жуығы тек үш салаға — жылжымайтын мүлікке, көлікке және саудаға тиесілі. Экономиканың төмен әртараптандырылуы азаматтардың кірісінің баяулауына алып келеді. Қалада өңдеу өнеркәсібін, туризмді, IT секторын және креативті индустрияны дамытуға баса назар аудару керек», — деді Тоқаев.

Президент бәсекені ынталандыру, үшін инвестиция тартып, еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру қажет екенін айтты.

«Алматы индустриалды аймағы мен «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің әлеуетін толық іске асыру қажет. Мұнда 20 мыңнан аса жұмыс орнын ашу арқылы мыңнан астам өнеркәсіпті орналастыру жоспарланып отыр, — деп қосты Мемлекет басшысы.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...