Алматыда дәстүрлі «КӨКТЕМ КӨРКІ-ҚЫЗҒАЛДАҚ» фестивалі өтті

Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған Экология және биология бөлімінде жыл сайынғы «Көктем көркі – қызғалдақ» қалалық фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сананы қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілік пен табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу, қызғалдақтың отаны Қазақстанның бейнесін насихаттау.Фестивальға балалар мен ата-аналар, қала тұрғындары мен қонақтары шақырылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Іс-шарада кәсіби және балалар ұжымдары өнер көрсетті, «Көктем гүлдерінің себеті» аранжировкашылар байқауы, костюмдер байқауы өтті, «Мың бір қызғалдақ» шеберлік сыныптары, «Көктемнің алуан түрі» асфальтқа сурет салу байқауы, Ашық микрофон балалар поэзиясы алаңы және пленэр байқауы өтті.

Қазақстан қызғалдақтың отаны саналады. Экологиялық-биологиялық орталықта қызғалдақтың 39 түрі өседі. Оның 18-і Қызыл кітапқа енген. Зерттеушілердің пікірінше көктемнің жаршысы саналатын дала гүлінің саны азайып барады. Оған мал жаю, жер жырту, жабайы гүлдерді жұлу секілді әрекеттер кері әсерін тигізіп отыр. Фестивальдің мақсаты-осы мәселеге оқушылар мен қала тұрғындарының назарын аудару. Балдырғандар қызғалдақпен көмкерілген көйлектерін киіп, сән байқауына қатысты. Безендірушілер композиция жасап жарысты.

Байқау жеңімпаздары мен номинанттар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...