Алматыда құбылмалы ауа райы болатыны ескертілді

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы алматылықтарға ауа райы құбылмалы болатынын, сондықтан сақ болуға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Құрметті алматылықтар! Ақпан айының соңына дейін Алматы қаласында ауа райының құбылмалылығы, жоғарғы температурадан төменгі температураға күрт өзгеруі, қар аралас жаңбыр түрінде нормадан жоғары жауын-шашынның түсуі, сондай-ақ жоғары ылғалдылық, аяз, тұман және көктайғақ күтіледі», — делінген хабарламада.

Осыған байланысты Алматы ТЖД-нің 112 СМС хабарламаларына мұқият қарау, автокөлік жүргізу кезінде сақтық шараларын сақтау, жылдамдықты азайту, қашықтықты сақтау, кенеттен маневрлер мен тежелулерден аулақ болу сұралады. Жолдың жүру бөлігінде және тротуарларда көктайғақ пайда болғанда жаяу жүргіншілер сақ болуы керек, әсіресе баспалдақтардан төмен түсу және көтерілу кезінде, дейді басқармадағылар.

«Қымбатты Алматылықтар — сәл шыдамдылық танытайық, жақын арада біздің сүйікті қаламызда көптен күткен ұзақ және жылы кезең болатынын ұмытпаңыздар! Жақындарыңызбен және өз денсаулықтарыңызға абай болыңыздар!», — дейді әкімдік өкілдері.

Кеше Алматы ТЖД тұрғындарға 12, 13 ақпанда ауа райы нашарлайтынын ескерткен еді.

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...