12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда бизнесмен Алмас Әбдіғаппаров сотталды

Алматыда кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медеу ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі өкілі Parmigiano Group иесі Алмас Әбдіғаппаровқа үкім шыққанын растады. Сот үкімімен Әбдіғаппаров өзіне сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлікті жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, оған бес жыл мерзімге қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Сот 2021 жылғы наурызда А.Әбдіғаппаровты Esentai City тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерлер мен тұрғын үйлерді (виллаларды) салу, сатумен айналысатын AV-Construction ЖШС директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары бола тұра әрі серіктестіктің материалдық жауапты және уәкілетті тұлғасы ретінде клиентпен Esentai City тұрғын үй кешенінде орналасқан жер учаскесі бар тұрғын үй (вилла) түріндегі жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін алдын ала сату-сатып алу шартын жасаған.

Одан әрі осы келісім бойынша сатып алушының өкілі Әбдіғаппаровқа тұрғын үй (вилла) сатып алу үшін екі миллион доллар көлеміндегі соманың бір бөлігін аударған. Ал ол бір миллион долларын ғана компания басшылығына аударып, ақшаның қалған бөлігін заңсыз иемденген», — деді соттың баспасөз қызметі өкілі.

Сот 418 640 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілгенін анықтаған.

Еске салайық, 2021 жылғы 27 шілдеде қалалық сотта белгілі кәсіпкер, Parmigiano Group басшысы Алмас Әбдіғаппаровтың ұсталғаны туралы ақпарат расталды. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағында «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп алу немесе ысырап ету» көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған еді.

2021 жылғы тамызда кәсіпкердің қорғаушысы оны кепілге босатуды сұраған, бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырмаған болатын.

ШЫРҒАЛАҢДА ШЫҢДАЛҒАН ШЫНАЙЫ ДОСТЫҚ

Биыл, жетпіс жыл бойы үстемдік еткен Орталық комитеттің озбыр...

АЗАТТЫҚ ТАҢЫН ЖАҚЫНДАТТЫ

Гүлмира СҰЛТАНӘЛИ, Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі, Бірінші...

Золотой врач: история анестезиолога из Акмолинской области

Еламан Таженов ― анестезиолог-реаниматолог областной многопрофильной детской больницы Кокшетау,...

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітап...