Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған ЖОО-дарына профориентациялық экскурсия өтті

Ағымдағы жылдың 17 маусымында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған Алматы қаласының 3 жоғары оқу орнына экскурсия ұйымдастырылды.

«Әлеуметтік шеберхана» жобасының қызметін іске асыру шеңберінде, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қаламыздың ЖОО-дарында кәсіптік бағдарлау іс-шаралары өткізді.

«Әлеуметтік шеберхана» жобасы — Алматы қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендіруге, олардың өмірден өз орнын тауып көмектесуге, әртүрлі бағыттағы профориентациялық семинар-тренингтерді және т.б. іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған жоба.

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Алматы қаласындағы ірі жоғары оқу орындарының (СДУ, ҚазҰТЗУ, Нархоз университеті) оқу корпустарына баруға және олардың білім беру бағдарламаларымен танысуға бірегей мүмкіндік берілді. Балалар студенттік өмір атмосферасына еніп, ЖОО инфрақұрылымымен танысып, кітапханаларға, зертханаларға, спорт залдарына және басқа да қызықты орындарды көруге мүмкіншілік алды.

Экскурсия аясында ЖОО-дарымен танысуға «Алматы облыстық 1-ші балалар үйінің» тәрбиеленушілері барды.

Сонымен қатар, олар қабылдау комиссияларының өкілдерімен кездесіп, қабылдау туралы маңызды сұрақтарға жауап ала алды.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...