Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, 8 қарашада (сейсенбіде) Алматы қаласында қатты жауын шашын күтіледі.

«Ауа райы күрт төмендеп, 5-7 градус болады және тауларда қатты жауын шашын, көбінесе қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ, батыс-оңтүстік жақтан соққан жел екпіні секундына 25 метрге дейін барады», — делінген хабарлмада.

Алматы ТЖД көліктерді ағаштардың астына, электр желілерінің және басқа да ілініп тұрған құрылымдардың астына қоймауға кеңес береді.

«Есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізу қиындап, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін, көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек. Абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тауға шықпауды сұрайды. Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы ескерту жарияланған жағдайда, таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс», — деп кеңес береді ТЖД өкілдері.

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...

Регионы-аутсайдеры по исполнению плана-графика МЭКС назвали в проектном офисе

На заседании проектного офиса нацпроекта по модернизации энергетического и...