АЛМАТЫДА 83 ПРОБАЦИЯ БАҚЫЛАУЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАННЫҢ ЖАЗА ӨТЕУ ТӘРТІБІН БҰЗҒАНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру және пробациялық қызметтің бақылауына алынған сотталғандар арасында қайталап қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында 15-22 тамыз аралығында «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалау шараларына сотталған адамдар туралы мәліметтерге соттармен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен салыстыру жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Алматы қаласының пробация қызметінде 2600-ден астам сотталған адам есепте тұрады, оның ішінде 9 кәмелетке толмаған сотталған бар. Соның ішінде Алатау ауданы пробациялық қызметінің есебінде 720 адам тұр.
Жедел іс-шара кезінде сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеру Полиция департаменттерінің учаскелік инспекторларымен бірлесіп атқарылуда. Сондай-ақ аталған іс-шара кезіндегі міндеттерді орындауға пробация және полиция қызметтерінің жеке құрамы да көптеп тартылды.
Осындай біріккен жұмыстардың нәтижесінде «Пробация» жедел іс-шарасы жүргізілген күннен бастап бүгінгі күнге дейін 83 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде 48 адам тұрғылықты жері бойынша болмаған немесе пробация қызметінің қызметкерлерін хабардар етпей тұрғылықты жерін ауыстырған. Сондай-ақ, сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуінің, оның ішінде уақытша тіркеуінің болмауы сияқты басқа да құқықбұзушылықтар анықталды.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...