12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда 80 шырша, 800 млн: Биыл жаңажылдық безендіруге қанша қаржы жұмсалған?

Биыл жаңажылдық безендіруге әр облысқа қанша қаражат бөлінді? Massaget.kz тілшісі бұл сұрақтың жауабын білу үшін 17 облыс пен 3 қала әкімдігіне арнайы сауал жолдады. Бұдан 1 апта бұрын жіберілген сауалға бірнеше облыс жауап беріп үлгерді. 

Жетісу облысының орталығы Талдықорғанды безендіруге биыл бюджеттен 35 960 341 теңге бөлінген. Бұл қаражатқа шыршалар мен арнайы фигуралар орнатылады. Бұл — жаңа шыршаны сатып алмағандағы баға. Қолданыстағы 3 шырша мен жарық куполын орнату үшін безендіру жұмыстарына 19 129 230 теңге бөлінген.  Көлемді 6 шағын сәулет нысандарын жасатуға 12 124 000 теңге, былтырғы 30 шағын сәулет нысандарын қалпына келтіру үшін 4 707 111 теңге бөлінген. 

Былтыр да шығын осы шамалас болған, 35 402 966 теңге. Биыл Жаңа жыл 500 мың теңгеге қымбатқа түсті. Алайда Жаңа жылға мұздан безендірулер жасалмайды. 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, биыл безендіруге бюджет қаражаты жұмсалмайды. Былтыр қолданылған фигуралар қолданылып жатыр. Бұл өңірде жылда мұзқалашық салынады, алайда оған қаржы бөлінбейді, себебі мұз Есіл өзенінен алынады.   

Абай облысы 

Әкімдік мәліметінше, Семейде 2019 жылы сатып алынған бас шырша қатты желден айтарлықтай зақымдалған. Осыған байланысты биыл жаңасына ауыстырылды. Жаңа жылды мерекелеуге байланысты барлық іс-шараға, соның ішінде қаланы безендіруге, жаңа шырша сатып алуға және мерекелік іс-шаралар өткізуге 30 миллион теңге бөлінген. 

Былтыр Семей бойынша Жаңа жылды мерекелеуге байланысты барлық іс-шараға, соның ішінде қаланы безендіруге, мерекелік іс-шаралар өткізуге 35 миллион теңге бөлінген. 

Бұдан басқа, Ақсуат ауылына 3 миллион теңге, Бесқарағай ауылдық округіне 500 мың теңге бөлінген. Орталық саябақта балаларға арналған ағаштан жасалған сырғанау төбешігі орнатылған. Былтыр да осынша қаражат бөлінген. Ал мұзқалашық жасау жоспарда жоқ. 

Жарма ауданына 250 мың теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 4 шырша, жыл 12 ай мүсіні орнатылады. Сондай-ақ сырғанақ, мұз алаңы жасалды.  

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында Жаңа жыл мерекесін тойлауға жергілікті бюджеттен 120 миллион 318 мың теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде:

  • Ақтау қаласы — 76 миллион;
  • Жаңаөзен қаласы — 20 миллион;
  • Қарақия ауданы — 17 миллион 500 мың;
  • Мұнайлы ауданы — 2 миллион100 мың;
  • Бейнеу ауданы — 4 миллион 718 мың теңге.

Былтыр аталған бағыттағы жұмыстарға жергілікті бюджеттен Мұнайлы ауданы бойынша 2 миллион 166 мың теңге бөлінген. Басқа қала және аудандар бойынша жаңажылдық безендіруге қаржы бөлінбеді.

Түркістан облысы 

Түркістан облысында жаңажылдық безендіруге бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Жаңажылдық шырша «Керуен-сарай» кешені аумағына және «Жеңіс» саябағына қойылды. Сонымен қатар әкімшілік-іскерлік орталыққа бас шырша орнатылады. Кейінгі үш жылда Түркістан өңірінде бұл мақсатқа бюджеттен қаржы жұмсалмаған.

Жамбыл облысы 

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында Жаңа жылға безендіруге 10,5 миллион теңге бөлінген, ал аудандарда мерекелік безендіруге бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Былтыр безендіруге 7 миллион 246 мың теңге бөлінген. Облыста мұздан ешқандай безендіру жасалмайды, сәйкесінше қаржы да жұмсалмайды.

Ақмола облысы 

«2024 жылғы желтоқсанның аяғына дейін Степногорск қаласының Қажымұқан алаңын безендіру, 60 панельді жөндеу және қалпына келтіру, Тәуелсіздік даңғылы бойынша — 20 дана, Бейбітшілік, Республика көшелерінде — 40 дана жоспарланып жатыр. Қолданыстағы жаңажылдық шырша орнатылады. Сондай-ақ бірнеше мұз фигураларын, мұзқалашығын орнату жоспарланып жатыр», — делінген жауапта.

Алайда әкімдік облыс бойынша бөлінген бюджет туралы ақпарат берген жоқ. 

Ақмола облысы Жақсы ауданында орталықты безендіруге 435 мың теңге жоспарланған. Ал былтыр 3 694 999 теңге жұмсалған. 

Бұланды ауданы Макинск орталық алаңында жаңажылдық қалашықты ұйымдастыруға 6 231 221 теңге жұмсау жоспарланған. Оның ішінде жаңа конструкцияларды сатып алуға 2 677 716 теңге қаржы бөлінген. Былтыр бұл ауданда мұзқалашығын тұрғызуға 7 миллион теңге бөлінген. 

Батыс Қазақстан облысы

Облыс орталығы Оралда мерекелік концерттерге танымал әншілерді шақыру және жаңа шырша сатып алу жұмыстары жоспарланбаған. Сондай-ақ мұздан безендірулер жасалмайды. Шараларды ұйымдастыру, безендіру жұмыстарына жалпы соммасы 7 500 000 теңге бөлінді.

Павлодар облысы 

Павлодар облысында қалалар мен аудандарды жаңажылдық мерекеге жарықпен безендіруге 262 миллион теңгеден аса қаражат бөлінді. Сондай-ақ қалаларда сырғанақтар орнатылып, мұз айдындары құйылады.

Облыстың аудан орталықтарында әкімдіктермен орталық көшелер мен алаңдарды жаңажылдық безендіруге 16,5 миллион теңгеден аса қаражат қарастырылған. Дәстүр бойынша шыршалар мен мұз сырғанақтары орнатылады. 

Ақтөбе облысы

Облыстың 5 ауданында (Алға, Мұғалжар, Ойыл, Қарғалы, Қобда) жаңажылдық безендіруге жалпы сомасы 12,6 миллион теңге қаржы бөлінді.

Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында жаңажылдық безендіру қолда бар материалдардан, сондай-ақ демеушілердің қолдауымен жасалады. Былтыр безендіру жұмыстарына 4,7 миллион теңге бөлінген.

Қостанай облысы

Облыс орталығын жаңажылдық безендіру бойынша 83 миллион теңге сомасына келісімшарт жасалған. Облыстық бюджеттен жаңажылдық безендіруге қаржы қарастырылмаған. Бұл шаралар бизнес пен әлеуметтік серіктестердің ресурстарын тарту арқылы, сондай-ақ қала мен аудан бюджеттері есебінен жүзеге асырылып жатыр. 

Атырау облысы

Атырау қаласында биыл 5 көшеге орталық алаң мен қала көшелеріне қойылатын 18 метрлік шыршаны монтаж-демонтаж және безендіру жұмыстарына 66964 мың теңге ашық конкурс жарияланды.

  • Исатай ауданында бас шыршаны орнатуға биыл 1 миллион 400 мың, безендіруге 600 мың теңге бөлінді.
  • Мақат ауданында безендіруге 2 125 мың теңге жұмсау жоспарланды.
  • Доссор кентінде жаңажылдық безендіруге 1 487 мың теңгеге «Аруназ» жеке кәсіпкермен келісім жасалды.
  • Жылыой ауданында шыршаға ойыншықтар сатып алу үшін 899 350 теңге бөлінді.
  • Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округінде 2 691 мың теңге бөлінді.

Ұлытау облысы

Облыста жаңажылдық безендіруге қаражат қарастырылмаған. Алайда аудандарда демеушілер есебінен шырша орнатылып, елді мекендер безендіріледі. 

Алматы облысы

Биыл облыс орталығын және облысты жаңа жылға безендіруге жалпы 16,900 миллион теңге қарастырылған. 2023 жылы облыс орталығын және облысты жаңа жылға безендіруге 21,330 миллион теңге жұмсалды.

Астана 

Аудандық әкімдіктер қысқы безендіру жұмыстарына шамамен 696,7 миллион теңге бөледі, оның ішінде:

  • Нұра ауданы — 79 миллион теңге;
  • Сарыарқа ауданы — 110 миллион теңге;
  • Алматы және Сарайшық ауданы — 165 миллион теңге;
  • Байқоңыр ауданы — 158,8 миллион теңге;
  • Есіл ауданы — 183,9 миллион теңге.

Мұз айдындарын, слайдтарды, шағын архитектуралық мүсіншелерді, фотоаймақтарды және басқа элементтерді орнату бойынша монтаждау жұмыстары қараша айының ортасынан басталды. Бұл жұмыстар желтоқсанның екінші онкүндігінде кезең-кезеңімен аяқталады.

Осындай 60-қа жуық орын қаланың 6 ауданында ашылады және қыс бойы жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

Шымкент 

Биыл Шымкенттің жаңажылдық безендірілуіне жалпы 80 миллион  646 мың теңге бөлінді. Атап айтқанда:

  • Абай ауданына — 15 миллион 737 мың теңге;
  • Әл-Фараби ауданына — 21 миллион 26 мың теңге;
  • Еңбекші ауданына — 13 миллион 500 мың теңге;
  • Қаратау ауданына — 16 миллион 800 мың теңге;
  • Тұран ауданына — 13 миллион 583 мың теңге.

Бұл ретте, Шымкен те мұздан жасалатын мүсіндер мен безендіру элементтері жоспарланбағанын хабарлаймыз.

Алматы 

«Биыл Алматыны жаңажылдық безендіруге шамамен 800 миллион теңге бөлінді. Дегенмен былтырғы инсталляциялар барынша қалпына келтіріледі, әрі мәдениет саласындағы мекемелердің белсенді қатысуы нәтижесінде мереке былтырмен салыстырғанда әлдеқайда ауқымды болмақ», — делінген хабарламада.

Қаладағы 8 ауданның әрқайсысында Аяз ата мен ертегі кейіпкерлерінің шеруі, жәрмеңкелер, көрмелер, концерттер мен ойындар ұйымдастырылады. Жаңажылдық шаралардың толық тізімі Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

Қала аумағында 300-ге жуық ертегі кейіпкері мен мерекелік нысан бейнесіндегі инсталляция орнатылды. 12 көше мен даңғыл бойында 1500 жарық элементі орнатылды, оның 350-і  — былтыр қолданылған кронштейн. 

Биыл Алматыда 80-нен аса шырша орнатылды.

ҰЛТТЫҚ ЖОБА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ АЛШАҚТЫҚТЫ ЖОЯ МА?

Сапалы білім беруге бағытталған «Білімді ұлт» ұлттық жобасының екінші міндеті – орта білімнің сапасын арттыру. Атап айтқанда, өңірлер, қалалық жəне ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасының алшақтығын азайтуға (PISA) негізделген.

Загадка рейса Баку – Грозный 

25 декабря 2024 года мир потрясла новость о крушении самолета Embrar 190 азербайджанской авиакомпании ZL близ Актау. Катастрофа, унесшая жизни 38 человек, породила шквал слухов и противоречивых заявлений, кульминацией которых стала утечка в сеть расшифровки переговоров пилотов с диспетчерами.

Елімізде мопедтерді тіркеу: нені білу қажет?

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі.

Мобильді аударымдарды тексеру: бұл неге қажет және Ұлттық банк не дейді?

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды тексеру бойынша қосымша ережелерді қабылдауға қатысты түсініктеме берді.

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте нешінші орында?

Speedtest Global Index қызметі 2024 жылғы желтоқсанның қорытындысын шығарып, интернеті ең жылдам елдер мен қалалардың рейтингін жариялады.