Алматыда 8 наурыз күні қанша бала дүниеге келді

Алматыда 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні 67 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 8 наурыз күні 00:00-16:00 аралығында мегаполистегі перзентханаларда жалпы саны 67 бала дүние есігін ашқан.

Оның 33-і ұл, 34-і қыз бала. Түнгі сағат 00:00-ге дейін өмірге тағы да нәрестелер келеді.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, барлық жаңа туған нәресте мен олардың аналарының жағдайы өте жақсы.

2021 жылы Алматыда 42 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

Еске салайық, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойында дүниеге келген сәбилерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.

«Сүйінші» деп алатын қорапқа сәбилерге қажетті жөргек, киім-кешектер мен өзге де заттар салынған.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...