Алматыда 78 адам өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

Алматыда 78 жүргізуші өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов айтты.

Оның бірі — А. есімді азамат, ол Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында мамандандырылған патрульдік полиция батальонының экипажымен ұсталды. Наркологиялық сараптама көрсеткендей, жүргізуші орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.

Алғаш рет көлік жүргізу құқығымнан 2017 жылы айырылдым, рөлге мас күйде отырған едім. Жаза мерзімі бітпей 2020 жылы тағы да мас күйінде ұсталдым. Сол кезде мен ҚР ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылдым және өмір бойына көлік жүргізу құқығымнан айырылдым.  Бірақ өткен күні мені тағы да тоқтатты, мен досыммен ішіп, үйге қайтып келе жатқан едім. Бұл ісіме қатты өкінемін, — деп түсіндірді А. есімді азамат.

Рүстам Әбдірахмановтың айтуынша, Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының қызметкерлері 1,5 жыл ішінде ҚР ҚК-нің 346-бабы 1 және 2-бөліктерінде көзделген қылмыс белгілері бойынша 66 қылмыстық істі тергеп, сотқа жолдаған.

Қазіргі таңда 8 қылмыстық іс сот тергеуінде тұрғанын хабарлаймын. Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ТМД ЕЛДЕРІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ АЛҒАШ РЕТ ӨТТІ

2026 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан...

Президент Жолдауы және ел болашағы: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың METU студенттерімен тағылымды кездесуі

         Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) студенттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық...

Көкшетауда «Тайталас» кітабы таныстырылды: туындының кейіпкері де тұсаукесерге қатысты

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыруымен белгілі журналист Байқал Байәділдің...

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау мәселесі ерлі-зайыптылардың некесі...

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның берік негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи...