Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған «Стоп-бұзушылық» жедел алдын алу шарасы барысында 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол қозғалысы ережесін бұзудың басым бөлігі – өрескел әрі қауіпті әрекеттерге қатысты.

Полицияның дерегінше, осы кезеңде 4,7 мыңнан астам көлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілген.

Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов жолдағы ахуалдың әлі де күрделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бақылау күшейтілгенімен, адам факторына байланысты құқық бұзушылықтар азаймай отыр. Полиция тек өрескел ереже бұзуды ғана емес, сонымен қатар агрессивті жүргізу, қауіпті маневрлер жасау және жол ережелерін әдейі елемеу жағдайларын да жүйелі түрде тіркеп келеді.

Әсіресе мас күйде көлік жүргізетіндер, жүргізуші куәлігінсіз немесе жалған нөмірмен көлік айдайтындар үлкен қауіп төндіреді. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өміріне тікелей қатер әкеледі, – деді  Ғалым Сарғұлов.

Айта кетейік, 21 наурыз күні Алматыда резонанс тудырған жол апаты болған еді. Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr көліктері соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты. Mercedes көлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы (20 және 22 жаста) оқиға орнында көз жұмды. Ал Zeekr жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Апат кезінде оның мас күйде болғаны анықталған.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДЕГРАДАЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚҚА ТIРЕЙДI

Парламент Мəжілісінің жалпы отырысында палата депутаттарының бастамасымен дайындалған бірқатар маңызды заң жобалары бірінші оқылымда талқыға түсті. Құжаттар топырақты қорғау жəне жол қауіпсіздігі мен цифрландыруға қатысты қоғамдағы өзекті мəселелерді шешуге бағытталған.

Қазақстандықтар 2026 жылы қанша күн демалады?

2026 жылы қазақстандықтарды бірнеше ұзақ демалыс күтіп тұр. Әсіресе мамыр, шілде және қазанда қатарынан бірнеше күн демалуға мүмкіндік бар.

Хантавирус тараған лайнердегі жолаушылар өз елдеріне жаппай қайтарылып жатыр 

Хантавирус ошағы анықталған MV Hondius круиздік лайнерінен ондаған жолаушы өз елдеріне эвакуацияланды.

Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты 

Қазақстан Президенттігіне бұрынғы кандидат, экономист Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шығатынын мәлімдеді.

Қазақстан бойынша бүгін құбылмалы ауа райы күтіледі

"Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр күтіледі.