Қазақстанда биология пәні мұғалімдеріне қатысты өзгеріс енгізілуі мүмкін 

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атына депутаттық сауал жолдап, Қазақстандағы мектептегі биология пәнінің жағдайына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары биология пәні мектептегі басым бағыттардың бірінен қалып барады.

Биология пәніне қызығушылық азайып, оны оқыту сапасы төмендеп жатыр. Соның салдарынан мектеп түлектерінің жаратылыстану сауаттылығы жеткіліксіз деңгейде қалыптасуда, – деді Ирина Смирнова.

Оның сөзінше, дәл биология сабақтарында оқушылардың ғылыми дүниетанымы, адам ағзасы туралы білімі, салауатты өмір салты мен экологиялық мәдениеті қалыптасуы керек.

Депутат мектептерде биологияны оқытуда бірнеше проблема барын айтты:

  • пән сағаттарының қысқаруы;
  • практикалық және зертханалық жұмыстардың аздығы;
  • оқулықтардың тым теориялық сипатта болуы;
  • жыныстық тәрбие, психикалық денсаулық, ВИЧ/СПИД тақырыптарының формалды өтуі;
  • ҰБТ тапсырмаларының оқушылардың нақты білім деңгейіне сәйкес келмеуі.

Осыған байланысты Ирина Смирнова биология бағдарламасын қайта қарауды ұсынды.

Депутаттың пікірінше, пәнді сыныптарға бөліп оқыту жүйесін енгізу қажет:

  • 6-сынып – ботаника;
  • 7-сынып – зоология;
  • 8-сынып – анатомия;
  • 9-11-сыныптар – жалпы биология.

Сонымен қатар ол мектептерде зертханалық жұмыстар, экскурсиялар және жобалық тапсырмалар санын арттыруды ұсынды.

Смирнова биология оқулықтарына да өзгеріс енгізу керек екенін айтты.

Атап айтқанда, «Адам физиологиясы мен денсаулығы», «Репродуктивті денсаулық және гигиена» және «Экология және тұрақты даму» бағыттарын күшейту ұсынылды.

Депутат 7-9-сыныптарда жыныстық тәрбие мен салауатты өмір салтына арналған арнайы модульдер енгізуді де көтерді.

Сонымен бірге биология мұғалімдерін қайта даярлау қажеттігі айтылды.

Мұғалімдерге репродуктивті медицина, жасөспірім психологиясы және экология тақырыптары бойынша арнайы курстар қажет, – деді ол.

Смирнова мектептердегі биология кабинеттерін микроскоптармен, гербарийлермен, адам ағзасының модельдерімен және цифрлық зертханалармен жабдықтауды ұсынды.

Бұдан бөлек, депутат ҰБТ мен БЖБ/ТЖБ жүйесіне денсаулық пен экологияға қатысты практикалық тапсырмалар енгізуді, ал 9 және 11-сыныптардағы қорытынды емтихандарды тест форматынан ауызша және практикалық форматқа ауыстыруды ұсынды.

Ирина Смирнова бұл өзгерістер оқушылардың ғылыми сауаттылығын арттырып, жастардың денсаулық пен қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді деп есептейді.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.