Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техпаспорт енді тек онлайн рәсімделеді 

1 маусымнан бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт пен кадастрлық паспорттың телнұсқасын рәсімдеу қызметі толық онлайн форматқа көшіріледі. Бұл туралы Ұлттық ақпараттық технологиялар хабарлады.

Бұған дейін қазақстандықтар қызмет ақысын төлеу және дайын құжатты алу үшін ХҚКО-ға баруға мәжбүр болатын. Енді барлық процесс онлайн жүзеге асады. Қызмет ақысын өтінім беру кезінде төлеуге болады, ал дайын техникалық паспорт немесе кадастрлық паспорттың телнұсқасы жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне автоматты түрде жүктеледі. Қызмет көрсету мерзімі жылжымайтын мүлік нысанының түріне байланысты болады.

Қызметті алу үшін:

– eGov.kz порталы сайтына кіріп, «Басты бет» – «Жылжымайтын мүлік» – «Сатып алу, сату, жалға алу» немесе «Тұрғын үй қатынастары» бөліміне өту қажет;
– «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» немесе «Кадастрлық паспорт телнұсқасын беру» қызметін таңдау керек;
– өтініш пен жылжымайтын мүлік түрін көрсетіп, «Азаматтарға арналған үкімет» филиалын таңдау қажет;
– қажетті деректерді толтырып, төлем жасап, сұранысты қолжетімді тәсілдердің бірімен растау керек.

Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын eGov mobile қосымшасы арқылы да алуға болады.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...