12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматыда 10 мыңға жуық адам емхана таңдау құқығын пайдаланды

Қазақстанда жыл сайынғы емханаға тіркеу науқаны аяқталды. Биылғы кампания барысында оңтүстік астанада таңдау құқығын 10 мыңға жуық адам пайдаланды. Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы төрағасы Иран Шәметеков хабарлады.
Дәстүрлі тіркеу науқаны қыркүйектің 15-і мен қарашаның 15-і аралығында өткен болатын. Емхана ауыстыру туралы өтініштер egov.kz электронды үкімет порталы арқылы қабылданды.
«Қазақстандықтар тіркелген емханадан консультативтік-диагностикалық қызметтерге, жоспарлы стационарлық көмекке, салалық мамандардың консультациясына жолдама алып, медициналық көмектің басқа да түрлерін пайдалана алады. Соңғы жылдары тұрғындардың денсаулық мәселесіне немқұрайдылық танытпай, осындай шараларға белсенді қатысатыны қуантады», — деді Иран Шәметеков.
Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, биылғы тіркеу науқанына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 86 емхана қатысқан.
«Биыл Алматы қаласы бойынша 73 емхана Қормен жұмыс істейді. Олардың бәрі тіркелген контингентіне қызмет көрсетіп келеді. Биылғы кампанияға жаңадан 13 медицина ұйымы қатысты. Оның тек 3-еуі ғана халықты тиісті мөлшерде тіркеп үлгерген», — деді Тілеухан Әбілдаев.
Естеріңізге сала кетсек, таңдау құқығын пайдаланған азаматтар жаңа емхана қызметіне 2023 жылдың 1-қаңтарынан бастап жүгіне алады. Ал, таңдау жасап үлгермегендер емхананы кампаниядан тыс уақытта да ауыстыра алады. Атап айтқанда, басқа жерге қоныс аударғанда, емхана қайта ұйымдастырылған жағдайда өзге клиникаға тіркелуге болады. Сонымен қатар, әр тұрғынның емхананы жылына бір рет еркін таңдау құқығы да бар.

Жаңа жыл мерекесіндегі ХҚКО мен МХҚКО жұмыс кестесі

       «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекесіне байланысты...

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...