Алматы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 5 наурызда Алматыда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15 метр болады.
«5 наурызда Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында қатты қар жауып, оңтүстік-шығыстан соғатын қатты жел екпіні секундына 18–23 метрге дейін жетеді, күндіз кей уақытта 28 м/с дейін жетуі мүмкін!
Алматы ТЖД автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде ерекше мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Таулы аймақтарға бармау сұралады», — делінген хабарламада.


