12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың дамуына және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі диалогтық алаңдар ұйымдастырылуда.

Кездесулерде экология мен азаматтық белсенділіктен бастап, креативті индустриялар мен стартаптарға дейін әртүрлі тақырыптар қозғалады. Спикерлер ретінде мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес және ғылым саласының мамандары, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ табысты жобаларды жүзеге асырған жас көшбасшылар шақырылуда.

Бұл кездесулер қатысушылар үшін тек жаңа идеяларды тыңдау мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар көшбасшылық мектеп деуге болады. Жастар көпшілік алдында сөйлеуді, өз бастамаларын таныстыруды, серіктестер мен пікірлес достар табуды үйренуде. Мұндай диалог алаңдары алматылық жастарды қолдаудың маңызды шараларының біріне айналып, оларды қала өміріне белсенді қатысуға ынталандырады.

Алдағы іс-шаралардан хабардар болу үшін ұйымдастырушылар барлық комьюнити-орталықтардың ресми әлеуметтік желідегі парақшаларына жазылуды ұсынады.

Бүгінде Алматыда қаланың барлық аудандарында 11 комьюнити-орталық жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін олардың саны 16-ға жетіп, әр ауданда екі орталықтан ашылатын болады. Бұл жастарға заманауи білім беру, мәдени және әлеуметтік мүмкіндіктерге кеңінен қол жеткізуге жол ашады.

Цифрлық қауіпсіздік пен бақылаудың жаңа кезеңі: VxFaces жүйесінің тиімділігі дәлелденді

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы аясында цифрлық технологияларды енгізу және...

Цифровая трансформация: КазНУ зачислил студентов с участием искусственного интеллекта

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошел традиционный праздник...

ҚазҰУ-да бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімі ЖИ қатысуымен өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі Студенттер қатарына қабылдау...

ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТУРАЛЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай университетінің...