Алматы әуежайында жанкүйерлері Шавкат Рахмоновты қарсы алды

8 ақпанға қараған түні қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов мінген ұшақ Алматы әуежайына қонды. Спортшыны UFC-дегі үшінші жеңісімен құттықтауға туыстары мен жанкүйерлері келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Әужайда Рахмоновты жанкүйерлері қошеметпен қарсы алған. 

6 ақпанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Vegas 47 турнирінің негізгі кардында өнер көрсеткен отандасымыз әуежайдан шыға салысымен журналистер сауалына жауа берген.

«Қолдауларыңызға көп рахмет! Мені күтіп алуға келген барша жанкүйерге алғыс айтамын. Өз еліме аман-есен жеткеніме қуаныштымын. Әсіресе DAR Team командасына ерекше алғыс. Сонымен қатар, бапкерлер мен барша қазақстандыққа алғыс айтамын. Қарсыласыма келер болсам, тыңғылықты дайындалдым. Дайындық кезінде оның мықты екенін ескердім. Алдағы уақытта тағы да екі жекпе-жек өткізіп, ең үздік он спортшы қатарынан кіргім келеді. Әзірге демаламын», — деді Рахмонов.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов АҚШ жеріндегі айқасында гайаналық 34 жастағы Карлстон Харристі бірінші раундтың соңына қарай техникалық нокаутпен жеңген еді.

Ол UFC-дегі үш жекпе-жегінде де жеңіске жеткен. Сондай-ақ, файтер кәсіби ММА мансабында барлық 15 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...