12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы трагедиясына арналған еске алу мемориалы салынады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаңтар оқиғаларына арналып салынатын монументтің эскизін әзірлеуге ашық сәулет байқауы жарияланғанын айтты, деп деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қаңтар оқиғаларына арналып салынатын монументін эскизін әзірлеуге ашық сайлау байқауы жарияланды”, – деді Сағынтаев бейсенбіде өткен жиналыста.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын қорғауда жанын қиған батырлардың құрметіне пантеон салуды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы пантеонға Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін жанын пида еткен жандардың есімдері жазылатынын атап өткен.

Қазақстандағы қақтығыстар

Еліміздегі қайғылы оқиғалар 2022 жылдың қаңтар айында орын алды. Барлығы сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттауына қарсы жаппай наразылықтан кейін басталды. 2 қаңтарда еліміздің батысындағы Жаңаөзен қаласында басталған митингктер кейін Ақтау, Атырау және Қазақстанның басқа да қалаларында жалғасын тапты.

Алайда, бейбіт шерулер кейін жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып кетті. Қақтығыстан әсіресе Алматы қаласы қатты зиян көрді. Қаңтардың 5-і күні қарулы қарақшылар тобы қала орталығын қиратып, қала әкімшілігінің ғимараттары мен жақын маңдағы президент резиденциясын өртеп жіберді.

Полиция ғимараттарына, ҰҚК және басқа да әскери нысандарға шабуыл жасалды.

Сондай-ақ Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалалары да зардап шекті.

Осы оқиғалардан кейін Қазақстан билігі бүкіл елде төтенше жағдай енгізіп, лаңкестікке қарсы операция басталғанын хабарлады.

5 қаңтар күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберіп, Қауіпсіздік кеңесін басқарды. Ол лаңкестермен күресу үшін ҰҚШҰ-дан көмек сұрауға шешім қабылдады.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі елдегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін Қазақстанға ұжымдық бітімгершілік күштерін жіберу туралы шешімге келді. Барлығы 2300-дей бітімгер әскерилер келді. 13 қаңтарда ҰҚШҰ миссиясының сәтті аяқталғаны туралы хабарланды. Қазіргі таңда бітімгерлердің барлығы Қазақстаннан шығып кетті.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, тәртіпсіздіктерден 227 қазақстандық қаза тапқан, олардың 19-ы әскери қызметкерлер. Тек Алматының өзінде 149 азамат, оның ішінде 11 тәртіп сақшысы көз жұмды. Қазақстанда барлығы 4353 адам, оның ішінде 3393 қауіпсіздік қызметкері залал көрген.

Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елшілікте ауыс-түйіс жүргізді.

Елімізде екінші нарықтағы үйдің құны шарықтады

Қазір мұндай баспаналардың шаршы метрінің орташа бағасы 567 мың теңгеге жеткен. Ал Алматыда тіпті 700 мың теңгеден асып кеткен.

1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мән-жайды айтты.

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ «БІР ТЕРЕЗЕ» ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕМЕК

Елімізде құрылыс сапасы бақылау орындарының тарапынан қатаң қадағаланатын болады. Парламент Мəжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда қаралған Құрылыс кодексінің негізгі жаңалығы осы болып отыр.