«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды

Алматыдағы ақылы автотұрақтарды қадағалайтын «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды. Ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Кейін A-Parking жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталғаны хабарланды.

Былтыр желтоқсанда Қайрат Боранбаев иелік ететін RR2 компаниясы Alan Parking фирмасынан 30 пайыз үлес сатып алған. Бұған дейін ақылы автотұрақтардың операторы мемлекетке тиесілі болған.

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғыру мен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа қадам

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі...

Парламентские выборы в Казахстане: новый шаг на пути модернизации и лидерства в Центральной Азии

Предстоящие парламентские выборы станут закономерным этапом политических преобразований в...

Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент...

Псевдопохищение и драка за донаты: 9 стримеров наказали в Казахстане

Министерство внутренних дел Казахстана привлекло к административной ответственности девять...

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...