Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры балалар колониясына келді

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментінің  №11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында,  ҚР Премьер-Министрінің 13.09.2023 жылығы өкімімен бекітілген Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналаған Жол картасын іске асыру аясында, Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театыры  балалар колониясына келіп «Қуыршақ думан» деген саханалық қойылымын гастролдік сапармен келіп арнайы жазалы жасөспірімдерге қойып берді.

Алматы Мемлекет­тік қуыршақ театры бүгінгі күні жан-жақтылығымен өзгешеленген, жаңаша формат­тар мен батыл қадамдардың, тың жаңалықтардың ордасы. Бүгінде кішкентай көрермендермен қатар, ересектер де танымдық, тәрбиелік бағыт­тағы рухани қойылымдарға ғана емес, заманауи үрдістегі театр келбетіне де куә бола алады. Театр ұжымы соңғы жылдары көрермен талғамы мен сұранысына сай, қоғамда көтеріліп жүрген маңызды мәселелерді қуыршақтардың түрлі мүмкіндіктерімен қамти отырып, жас жеткіншектер санасын жандандыратын адамгершілік-рухани құндылықтарды дәріптейтін тәлімді туындылар таңдауда аса үлкен жауапкершілік міндетін саралай келе, жыл өткен сайын арнасын сапалы да пайдалы жобалармен, қойылымдармен көремендерді қуантуда.

Өмірілк мәні бар, «Қуыршақ думан» қойлымы, жазасын өтеуші жасөспірімдерге зор қуаныш сыйлады. Өнерге құрметтері мен құлшыныстарын қалыптастыруға әсер беріп, балалық шақтары қапаста өтіп жатқан жасөспірімдерге зор көмек тигізген Мемлекеттік қуыршақ театырының басшылығына мекеме басытығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Н.С. Керебаев зор алғысын білдірді.

Іс шара соңында САӘПТЖБ бастығы әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна келген қонақтарға алғыс білдіріп, мекеме бастығының атынан алғыс хат және саханалық қойлым қойған әртістерге гүл шоқтарын ұсынды.

                                                                                         №11 мекеме

                                                                                         Еркегүл  Жеңісхан

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...