Алматы қаласы мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері мен персоналды басқару қызметінің қызметкерлері үшін арнайы мастер-класс ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2024 жылғы Мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспар аясында, 2024 жылдың 26 шілдесінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының ұйымдастырумен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған мастер-класс өткізілді.

Іс-шараға Алматы қаласының мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері  мен персоналды басқару қызметінің қызметкерлері қатысты.

Спикер ретінде «Алматы ТВ» телеарнасының жаңалықтар қызметінің редакторы-дикторы, Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының шақыртылған тренері Шынтемиров Әлібек Талғатұлы сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілерге кәсіби дағдыларды дамыту мақсатында семинар өткізді.

Аталған оқыту  стратегиялық және дағдарыстық коммуникациялық құзыреттерді дамыту, тұлғааралық қарым-қатынас қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғалардың жұмыс сапасын арттыруға, мемлекеттің заңнамалық және өзге де бастамаларын мазмұнды түсіндіруді, БАҚ арқылы халықты сенімді және уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Қатысушылар мастер-класс барысында белсенді қатысып, пікірталасып, практикалық және рөлдік ойындар форматында жаттығулар орындап, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік кызметшілерге өз дағдыларын жетілдіруге және өз міндеттерін орындауда кұзыретті болуға көмектеседі.

Бұл өз кезегінде, мемлекеттік кызмет көрсету сапасына және тұтастай үйымның жұмысына оң әсер етедігін атап өткен жөн.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Л.Н. Науқанбай

Госслужащие Караганды продемонстрировали высокий уровень читательской культуры в проекте «Читающая нация»

В Карагандинской области завершился финальный этап направления «Читающий государственный...

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Абай облысына іс-сапарға барды

         Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері...

Әкімшілік әділет – «Еститін мемлекет» идеясының жарқын мысалы

Түркі халықтарына ортақ ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт атамыздың: «Өткен...

Административная юстиция – яркий пример идеи «Слышащего государства»

2021 году правовой сфере Казахстана появился и начал функционировать...