Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №13 мекемесінде тінту іс-шарасы өтті

Бұл іс-шара режимдік тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, тыйым салынған заттарды тәркілеуге және сотталғандардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған.

Іс-шараға ҚАЖ Департаментінің өкілдері, Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуроры және мекеме қызметкерлері қатысты.

Тінту нәтижесінде тыйым салынған заттар табылған жоқ. Барлық әрекеттер бейне камерасына түсіріліп, заң шеңберінде өткізілді.

Мекеме аумағына синтетикалық есірткі және тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу мақсатында мұндай іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...