Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №49 мекемесінде сотталғандардың мәдени-білім деңгейін арттыру және рухани дамуы мақсатында «Анаға құрмет» мұражайына баруы ұйымдастырылды.
Мұражай меңгерушісі Гүлнәр Әбіш қордағы ғасырлық тарихы бар әшекей-бұйымдармен, бас киімдер таныстырып, тарихы жайлы түсінік берді.
«Іс-шара мекеме қызметкерлерімен сотталғандардың мәдени мұраға деген құндылық қатынасын қалыптастыру, белсенді танымдық қызметке тарту, өз көзқарасын дәлелді түрде білдіру қабілетін дамыту, тұлғаның гуманистік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады»,- деп атап өтті ҚАЖД бастығының м.а. әділет полковнигі Бақытжан Шәріпбеков.
Бұл шара ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтандыруға үшін 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында өткізілді.