Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекеме базасында ҚАЖ ардагерлері есеп беру-сайлау конференциясын өткізді.
Конференция ҚАЖ қызметкерлерінің қызметін атқару кезінде қаза тапқандар мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.
Конференцияға қатысу үшін Қазақстандық ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері ұйымы төрағасының орынбасары Ихсан Дүйсембин келді. Сонымен қатар, іс-шараға Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Магнис Сабиров, Алматы облысы ҚАЖ ардагерлер кеңесінің төрағасы Меруанам Мамтазизова және ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.


