Есірткіге қарсы іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекемесінде «Сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және есірткі заттарын пайдаланудан бас тарту» тақырыбында дәріс өтті.
Іс-шараға Алматы облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері Әуез Раймбеков пен Ербол Дүйсен, сондай-ақ көрнекті спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.
Құрметті қонақтардың қатарында каратэден әлемнің абсолютті чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін абсолютті чемпионы, КСРО — ның екі дүркін абсолютті чемпионы, КСРО Халықаралық сыныбының шебері Закир Тохтиев бар.
Іс-шара барысында салауатты өмір салтын ынталандыруға, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру процесінде спорттың маңыздылығына және жаман әдеттерден бас тартуға ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралардың сотталғандарда тұрақты өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру және түзетуге ұмтылу үшін маңыздылығы атап өтілді.