Алматы облысының колонияларында кәсіпкерлерге ашық есік күнін өткізді

Бүгінгі таңда, Алматы облысы мекемелерінің өндірісінде 50-ге жуық жеке кәсіпкерлік жұмыс істейді, онда 1600-ден астам сотталған адам жұмыс атқаруда. Бұл ретте, объектілердің тозуын ескере отырып, бизнес субъектілерін толыққанды тарту қиынға соғады. Бұл міндетті шешу үшін әкімдіктермен, «Атамекен» Ұлттық палатасының филиалдарымен және мамандандырылған прокуратурамен бірлескен қызмет белсенді жүргізілуде.

ҚАЖД сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобы №57 және №10 мекемелерде шағын орта бизнес өкілдері үшін «Ашық есік күнін» ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Алматы облысының мамандандырылған прокуратурасының қолдауымен ұйымдастырылды.

  Іс-шара барысында ҚАЖД СЕҰТ бас маманы әділет подполковнигі Сандуғаш Ереулиеваның, кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеевтің, мамандандырылған прокуратура өкілдерінің сүйемелдеуімен №57 және №10 мекемелердің өнеркәсіптік аймағын, жұмыс істеп тұрған объектілері мен бос үй-жайларын кәсіпкерлермен аралау жүзеге асырылды.

  Сонымен қатар, СЕҰБ қызметкерлерінің мекемелерге баруы кезінде ШОБ өкілдеріне өнеркәсіптік аймақта жұмыс істейтін кәсіпкерлердің дайын өнімдерінің көрмесі өткізілді.

«Әні барда – өзі бар» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды

ҚР ІІМ ҚАЖК 79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында қазақ...

Абай облысында рақымшылық бойынша босатылған сотталған азаматты туған бауыры қарсы алды

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...