Алматы облысының сотталған әйелдері жаңа оқу жылын бастады

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 әйелдер мекемесінде кәсіби — техникалық колледждің және мекемедегі кешкі орта мектептің ұстаздарымен бірігіп, «Білім күніне» арналған мерекелік концерт өткізілді.

Аталған іс — шараға жаңа оқу жылының студенттері мен оқушылары атсалысып, сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толмағандар тәрбие колониясының жалғыз тәрбиеленушісі белсенді қатысты.

Іс — шара аясында, жасақтар «Оқы, оқы және оқы» атты тақырыпта қабырға газеті байқауы өткізілді. Шара соңында мекеме әкімшілігі мен кәсіби — техникалық колледждің және кешкі орта мектептің басшылары студенттер мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға жаңа оқу жылында үлкен табыстар тіледі.

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...