Алматы облысының колониясына есірткі мен трамадол өткізбек болды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға келген бандероль ішінен тыйым салынған заттар табылды.

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, сотталғанға бандероль сәлемдемені тапсыру кезінде ішінен жасыл түсті есірткі табылған.
Сонымен қатар, сусабын қорабының ішінен 40 дана пайдалануға тыйым салынған трамадол дәрілері табылып, тәркіленді.

“Сотталғандармен және олардың туыстарымен тыйым салынған заттарды алып өту фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізілетін профилактикалық әңгімелесулерге қарамастан, азаматтар тыйым салынған заттарды беруді саналы түрде жалғастыруда”, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізу ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабында көзделген әкімшілік жазаланатын әрекет болып есептеледі.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...