Алматы облысының әйелдер мекемесінде жаздық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті

Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/4 мекемесінде 2022 жылғы жаздық спартакиадасының салтанатты түрде ашылу шарасы өткізілді.

Биылғы жылғы спорттық ойындар «Бірлік Әлемі » атауымен ашылды. Спорт әлеміне деген білімді арттыру мақсатында биылғы спартакиада тақырыбы ретінде халықаралық жаздық олимпиада ойындар атауы таңдап алынды.

Бұл мерекелік іс шараны барабан қағысының ырғағымен билеген спартакиада қатысушылары көңіл көтерер ерекше энергиясымен жандандыра түсті. Командаларға қолдау мен қошемет білдіруге келген жанкүйерлер мен көрермендерге арнап таңдап алынған мемлекеттер олимпиадасынан командалық шеру көрсетілді. Олимпиадалық ойындар тарихи бойынша шеруге алғашқы боп 1980 жылғы Мәскеу төрінде өткізілген олимпиаданы ұсынатын команда бастап шықты. Сондай ақ шеруге Бразилия, АҚШ, Жапония, Испания,Ұлыбритания жазғы ойындарын ұсынатын командалар жалғастырды.

Мерекелік шара соңында команда капитандары шығып, жазғы ойындардың ресми ашылуын білдіретін олимпиадалық алауды жағу шарасын өткізді. Атқарушы мекеме әкімшілігі жазасын өтеп жатқан әйелдердің жаз бойы жалғасатын спартакиаданың ашылуымен құттықтады.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...