Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері қаза болған әріптесінің құрметіне футболдан турнир өткізді

Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қаза тапқан әділет прапорщигі Ербол Ержановты еске алу үшін Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекеме футболдан турнир өткізді.

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекеменің ұйымдастыруымен, Алматы облысы Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің қолдауымен, қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан №71 мекемесінің қызметкері Ербол Ержановты еске алуға футболдан турнир өткізілді.

Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды. Турнирге ведомстволық бағынысты мекемелер, сондай-ақ Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаменті және Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің командалары қатысты.

Іс-шараның қадірлі қонақтары қатарында, қаза болған қызметкердің әкесі Іңкербаев Тілеубек, ұлы Ернұр Тілеубек, Іле аудандық маслихат депутаты Нұрлан Түймелиев, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Жәнібек Қабдікәрімов және ҚАЖ Департаментінің басшылығы болды.

«Ерлікпен қаза тапқан Ербол Ержановтың есімі біздің жадымызда мәңгі қалады. Мұндай іс — шаралар көбінесе батырларды еске алуға арналады, сонымен қатар салауатты өмір салтын ынталандыру және ҚАЖ қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың жақсы үлгісі болып табылады», — деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Турнирде бірінші орынды №10 мекеме, екінші орынды Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаменті және үшінші орынды №71 мекеме командалары иеленді.

Жеңімпаздарға кубоктар, грамоталар, медальдар және сыйлықтар табыс етілді.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: СОТ ӘДІЛДІГІНІҢ САПАСЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ФАКТОР

Құқықтық мемлекет құру жолында тіл мәселесі екінші кезектегі емес,...

18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай «Ұлттық киім...

Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте

Мемлекеттік тіл – татулық тірегіТілден биік асқар жоқ,Тілден асқан...

Сот жүйесіндегі цифрландыру: тиімділік пен жауапкершілік

     Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрландыру үрдісі қарқынды...

ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС

Уважаемая Аида Галымовна! Как Вам известно, 30 января 2026 года...