Алматы облысының ҚАЖ мекемелерінде үздік теолог анықталды

Діни экстремизмге қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екен белгілі. Ол туралы Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаев  2022 жылдың 11 қаңтарында  Парламент Мәжілісінің отырысында діни экстремизм және терроризммен күрес бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын.

Ерекше көңіл бөлетін мәселе жаза өтеу орындарында радикалды идеологияның таралуының алдын алу. Осыған байланысты, теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру инспекторларының кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында Алматы облысы ҚАЖ департаментіне қарасты түзету мекемелерінің теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру бойынша үздік инспекторы байқауы өткізілді.

Байқау ережеге сәйкес 4 кезеңнен тұрды. Теолог қызметкерлер өзін-өзі таныстырып, радикалды көзқарастан арылтуда қолданылатын тиімді тәсілдер туралы бейнероликтер көрсетіп, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты.

Байқау қорытындысы бойынша ЛА-155/16 мекемесінің теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет аға лейтенанты Ж.Русланқызы үздік атанды. Әділет аға лейтенанты Ж.Русланқызы енді байқаудың 2 кезеңіне республикалық байқауға жолдама алды.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...