Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 мекемесінде, колония аумағында жер астындағы қазылған орындарды іздеуге жылқылар жұмылдырылған.
Сотталғандардың қашып кетуіне жол бермеу мақсатында, мекеменің режим бөлімінің қызметкерлері және 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірлесіп, төрт түлік малдың бірі — жылқы пайдалана бастады. Осылайша, сотталғандардың қашып кетуіне жол бермеу мүмкіндігі артылды.
Өздеріңіз білетіндей, жануар жер астында бос орын сезінсе, барудан бас тартады.
ҚАЖД ресми ақпараты бойынша, тексеру барысында қазылған жерлер табылған жоқ.


