Алматы облысында жол апатынан үш полицей зардап шекті 

Талғар ауданында бес бірдей көлік соқтығысты. Олардың ішінде полицияның арнайы патрульдік автомашинасы да бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, жол апаты бүгін таңғы сағат 08:30-да болған. Бес көліктің соқтығысқан сәті даладағы бейнебақылау камерасына жазылып қалды.

«Subaru Legacy-дің 24 жастағы жүргізушісі Алматы — Көкпек – Көктал тас жолының 26-шақырымында рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сол кезде Kia Cadenza маркалы патрульдік көлікке соғылды. Одан кейін инерциямен Lada Largus, Subaru Outback пен Mitsubishi Galant-ты соқты», — дейді полицейлер.

Жол апаты кезінде патрульдік көлікте болған үш полицей ғана зардап шекті. Оларды Есік қалалық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің көмегінен кейін барлығы үйіне жіберілді.Қазіргі кезде полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...