12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан әйел егіз босанды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекемеде жазасын өтеп жатқан әйел егіз босанды. Қос қызды дүниеге әкелген әйел сәбилерімен бірге түрме ішіндегі балалар үйінде тұрып жатыр.

Әйел жазасын өтеу мекемесіне жүктіліктің 34 апталығында түскен. Сотталған ана сәбилерге Ольга және Зинаида деген есімдерді берді. Қос егізді қоса санағанда қазір Жауғашты түрмесінде дүниеге келген 34 сәби өмір сүріп жатыр. Олар 3 жасқа толғанша аналарымен бірге болады.

«Мекеме әкімшілігі өз кезегінде ана мен сәбилерге қажетті заттармен, соның ішінде киімдер, балалар тамағы, жөргектермен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта жас ана мен дүние есігін ашқан сәбилер мекеме ішіндегі балалар қалашығына орналастырылды. Ана мен балалардың  денсаулықтары жақсы, дәрігерлердің бақылауында. Түрмеде егіз табу соңғы рет 20 жыл бұрын болған. Ол кезде дүниеге келген егіздің бірі қыз, екіншісі ұл бала болатын», — деді мекеме бастығының орынбасары Джамиля Байтемирова.

Сәбилер 2150 гр және 2400 гр салмақпен дүниеге келген. 21 жасында сотталған жас әйелге ҚР ҚК 188 (ұрлық ) және 190 (алаяқтық) баптары бойынша айып тағылған. Қылмыстық атқару жүйесі Департаментіне қарасты №10 мекемесінде қазір 500 астам әйел адам жазасын өтеп жатыр. Жаза кесілгендердің ең жасы жиырмаға толмаған қыздар болса, ең қариясы 80 жастағы әже.

«Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» форумы өтті

8 қараша күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында...

«Араб тілі апталығы: Орталық Азияда/Қазақстанда» халықаралық апталығы өтуде

2025 жылғы 11-14 қараша күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық...

Қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бәсекеге қабылетті мамандар дайындауда алдыңғы...

Рост ВВП Казахстана за 10 месяцев 2025 года составил 6,4%

По предварительным данным Бюро национальной статистики, за январь-октябрь 2025...