Алматы облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізіліп жатыр 

Вегетация және су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында «Қазсушар» РМК-ның «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы өз қарауындағы су шаруашылығы нысандарында жөндеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылы Бартоғай су қоймасында конустық ысырмалар жөнделіп, резеңке тығыздағыштар ауыстырылды. Үлкен Алматы каналының бас торабында және Шелек су торабында бұрандалы көтергіштер мен болат арқандар жаңартылды. Күрті су қоймасында бөгеттің жоғарғы еңісі бетонмен қапталды. Тасқұтан су көтеру бөгетінде каналдар арасындағы аумақтарға топырақ төселді. Сондай-ақ Бартоғай су қоймасы, Үлкен Алматы каналының бас торабы және Шелек су торабы маңындағы Шелек өзенінің арнасы тазартылды.

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында биыл Күрті өзенінің жағалау бөлігі бекітілді. Қазіргі таңда «Қорам» магистральдық каналында механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жыл соңына дейін Бартоғай су қоймасында конустық ысырмаларды жөндеу және резеңке тығыздағыштарды ауыстыру, Шелек су торабында бұрандалы көтергішті жаңарту, сондай-ақ Бартоғай су қоймасы, Үлкен Алматы каналының бас торабы және Шелек су торабы маңындағы Шелек өзенінің арнасын тазалау жоспарланған.

Қазіргі уақытта филиал қарауындағы барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. Су тасқынына қарсы іс-шараларға қажетті жанар-жағармай және инертті материалдар қоры дайындалды. Сонымен қатар экскаваторлар, тиегіштер және жүк самосвалдарын қоса алғанда 18 техника әзірленді, – деді «Қазсушар» РМК-ның «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының директоры Қайрат Бисембаев.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.